Ваш браузер устарел, для просмотра данного веб-сайта и во избежание некорректной работы просим обновить браузер.
  • x

    Шот ашу

    7888
     
    Резидент жеке тұлғаға ағымдағы/жинақ шот ашу үшін қажетті құжаттар тізімі:
     
    • ЖСН көрсетілген, жеке басын куәландыратын құжат.

    Резидент емес жеке тұлғаға ағымдағы шот ашу үшін қажетті құжаттар тізімі:
     
    • жеке басын куәландыратын құжат;
    • жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаттары болмаған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін тіркеу куәлігі;
    • Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен басқаша қарастырылмаса, резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағына кіру, шығу, болу құқығына Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелуін куәландыратын құжат.

    Резидент емес жеке тұлғаға жинақ шот ашу үшін қажетті құжаттар тізімі:
     
    • жеке басын куәландыратын құжат;
    • Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен басқаша қарастырылмаса, резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағына кіру, шығу, болу құқығына Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелуін куәландыратын құжат.

    Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар:
    • азаматы болып табылатын ел паспорты;
    • шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты;
    • азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
    • босқын куәлігі.
     

    Шот ашу

    Шот ашу

  • x

    Шот ашпай жүргізілетін төлемдер

    7888

    Bank RBK шот ашпай түрлі төлемдер қабылдайды:
     
    • коммуналдық қызметтер (ИВЦ, АЛСЕКО, «АлматыЭнергосбыт» ЖШС, т.б.) үшін төлемдер;
    • ұялы байланыс операторларының қызметтері (Aсtiv, Kcell, Beeline, Сity, Jet, т.б.) үшін төлемдер;
    • кабельді теледидар провайдерлерінің қызметтері (ICON, Триколор ТВ, НТВ плюс РФ, ALMA TV  т.б.) үшін төлемдер;
    • Интернет, IP-телефония қызметтері үшін, жеңілдік купондар, ақпараттық және басқа қызметтер үшін басқа төлемдер.

    Төлемдер банктің барлық офистерінде қабылданады.

    Толық ақпаратты алу үшін +7 (727) 330-90-30 телефоны, немесе Қазақстан бойынша тегін 8 800 080 18 88 желісі арқылы хабарласыңыз.
     

    Шот ашпай жүргізілетін төлемдер

    Шот ашпай жүргізілетін төлемдер

  • x

    Қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі

    7888

    Сіздің дербес интернет-бөлімшеңіз - бұл  клиентке төлем және өзге құжаттарын дайындауға және орындау үшін банкке жіберуге, өз шоттарының жағдайын бақылауға, сондай-ақ банкке тікелей жүгінбестен өзекті қаржылық ақпараттың кең ауқымды көлемін алуға мүмкіндік беретін көп атқарымды бағдарламалық-техникалық кешен.
    Жүйеде жұмыс істеу үшін бағдарламаның интернеттегі адресін ғана білу қажет.

    «Интернет-Клиент» жүйесінің бірқатар артықшылықтары бар:
    • жүйеге, орналасқан жерге қарамастан, әлемнің кез келген жерінен қол жеткізуге мүмкіндік бар;
    • шоттарды басқару нақты уақыт кезінде жүзеге асырылады;
    • жүйеде жұмыс істеу үшін ыңғайлы интерфейс бар.

    Электронды қызмет көрсету жүйесін орнату үшін клиенттің:
    • интернетке шығу мүмкіндігінің болуы;
    • бұл қызметке қосылуға арналған өтінішті толтыруы.

    Қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі

    Қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі

  • x

    Чектермен операциялар

    7888
    «Bank RBK» АҚ инкассо рәсіміне кез келген қаржы мекемелерінің евродағы атаулы чектерін қабылдайды. Чек бойынша ақша төлеу «инкассо» рәсімінен өткеннен кейін жүзеге асырылады.
    Чек – чек берушінің чек беруші банкіне немесе басқа кредиттік мекемеге көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы бұйрығын қамтитын және белгіленген нысандағы ақшалай құжатты білдіретін қаржылық/төлемдік құрал.
    Инкассо – ақша қаражаттарын төлеушіден алушыға банк арқылы беру жөніндегі делдалдық банк операциясы.
    Чекті «инкассо» рәсіміне тапсыру үшін қажет құжаттар:
    • Жеке басты куәландыратын құжаты;
    • ЖСН
    Чектер чек бойынша сақтандырумен жабу сомасы Банктің Тарифтерімен белгіленген мөлшерде және шарттарда енгізілген жағдайда қабылданады.
    Чектің «инкассо» рәсімінен өту мерзімі 45 күнді құрайды.
    Клиентке чек бойынша ақша өтемін төлеу тәсілі оның қалауы бойынша: касса арқылы қолма-қол ақшаны төлеу жолымен, не чектерді инкассоға қабылдау туралы шартта көрсетілген клиенттің банк шотына аударуы жолымен жүзеге асырылады.
     
    «Банк қабылдайтын атаулы чектер түрлерінің бірі Google компаниясымен жазып берілген чектер болып табылады. Бұл чектерді Google компаниясы клиент ұсынған рефералды сілтемелер үшін компания сайтында Google AdSence жүйесінде тіркелген клиенттерге жазылып беріледі»
     

    Чектермен операциялар

    Чектермен операциялар

  • x

    Сейфтік операциялар

    7888

    Bank RBK ұсынатын сейфтік сақтау қызметі құнды заттардың, қаражатты және кез келген маңызды құжаттардың сақталатындығына берілетін кепілдік.
    Сейфтік ұяшықтар бір күннен 12 айға дейін ұсынылады. Бұл үшін небәрі Жеке сейфті (ұяшықтарды) жалға алу шартын жасасу қажет.
     
    Сейфтік сақтау қызметін Bank RBK келесі кеңселерінде пайдалануға болады:

    •        Алматы қ., Шәріпов к-сі, 84;
    •        Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 43 /VIP-орталық/
    •        Астана қ., Достық к-сі, 5  («Северное сияние» кешені);
    •        Шымкент қ., Г. Иляев к-сі, 47;
    •        Өскемен қ., Победа даңғ., 13.

    Толығырақ ақпарат алу үшін жоғарыда көрсетілген мекенжайлар бойынша, я болмаса Байланыс орталығының 8 (727) 330-90-30 телефон нөмірі арқылы хабарласыңыздар.

    Сейфтік операциялар

    Сейфтік операциялар